русский язык

«Қайрат» футбол клубының бұрынғы басшысы Қайрат Боранбаевқа үкім шықты

«Қайрат» футбол клубының бұрынғы басшысы Қайрат Боранбаевқа үкім шықты

Алматылық «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Борнабаев 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген айыппен тергеу бастады.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-тармағына сәйкес, жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға қолдану арқылы Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановты мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқаруға өмір бойына құқығынан айырумен сегіз жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазалау режимі – орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі.

«Президентке Боранбаевты мемлекеттік наградаларынан, атап айтқанда «Құрмет», «Еңбек үшін», «Парасат» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін», - делінген үкімде.

Айта кетейік, «Қайраттың» экс-басшысы 2015 жылдан бері Қазақстанның Паралимпиада комитетін де басқарған.

Еске салайық, Боранбаев клубты 2012 жылы басқарған, оның жетекшілігімен команда ел чемпионы, сондай-ақ бес дүркін кубок иегері және Қазақстан Суперкубогының екі дүркін иегері атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;