Станимир Стойлов: «Астананы» фаворит деп айтпас едім»
![Станимир Стойлов: «Астананы» фаворит деп айтпас едім»](https://prosports.kz/upload/news/content/file_1438157490_897437849.jpg?v=28693828)
«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов ХИК-ке қарсы ойын алдында тілшілердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
- Болгариялық «Левскидің» бас бапкері болғанымда біз финляндиялық командадан ұтылған болатынбыз. Егерде «Марибормен» өткен қарымта матчтағыдай ойнайтын болсақ, келесі кезеңге өтетін жақсы мүмкіндігіміз бар. Ең бастысы өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыруымыз қажет.
- Станимир, Қазақстанда сіздің командаңызды бәрі фаворит дейді...
- Олай айтпас едім. ХИК былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнаған, олардың тәжірибесі молырақ деп ойлаймын.
- Рохер Каньястің бірінші ойынға қатыспауы қаншалықты қиын болмақ командаға?
- Каньяс өте мықты ойыншы. «Мариборға» қарсы ойында өзінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Сондай-ақ, Ненад Эрич ертең негізгі құрамда алаңға шығуы әбден мүмкін.
- Соңғы уақыттары Серікжан Мұжықов өзін мықты қырынан көрсетуде...
- Иә, ол қазір бабында. Ертең алаңға шығуы ықтимал.