русский язык
Хоккей

Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан Американы ойсырата жеңді

Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан Американы ойсырата жеңді
news-banner7
mobile-news-top

Допты хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші матчын ойнады.

Қазақстан құрамасы АҚШ командасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті.

А дивизионында Қазақстанмен бірге АҚШ-тан бөлек, Финляндия, Норвегия және Швеция ойнайды.

31 наурызда Қазақстан хоккейшілері Норвегиямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, А дивизионындағы алғашқы екі команда турнир финалында өнер көрсетеді. Ал үшінші және төртінші орындар алған құрамалар «қола» үшін таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;