Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Барыс» сапына оралуы мүмкін
![Қазақстан құрамасының шабуылшысы «Барыс» сапына оралуы мүмкін](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/472_655eb67a5af43530a7d6b543179db4f1.jpg?v=28665460)
Хайруллин Live Телеграм-арнасы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Старченконың астаналық «Барыс» сапына оралғанын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
«Форвард Роман Старченко келесі маусымда «Барыс» сапында өнер көрсетеді», - деп жазды дереккөз.
Айта кетейік, 36 жастағы қазақстандық шабуылшы осы маусымды «Спартак» сапында ойнап, ҚХЛ тұрақты маусымындағы 52 кездесуде 15 (7+8) ұпай жинаған.
Бұған дейін хоккейші «Барыста» 2008-2022 жылдар аралығында өнер көрсеткен.