русский язык
Футбол

«Ертістің» бұрынғы бас бапкері «Севильяда» қызмет етеді

«Ертістің» бұрынғы бас бапкері «Севильяда» қызмет етеді

«Ертіс» футбол клубының бұрынғы бас бапкері Дмитрий Черышев испаниялық «Севильяның» бапкерлік құрамына кірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Андалусиялық клубтың ресми сайтына сүйенсек, 46-жастағы ресейлік маман «Севильяның» бас жаттықтырушысы Унаи Эмериге көмектеседі.

Естеріңізге сала кетсек, Черышев футболшы мансабында испаниялық «Спортинг», «Бургос» пен «Аранхуэсте» ойнаған. Артынша «Реал» мен «Зениттің» академиясында жұмыс істеді. Соңғы жұмыс орны қазақстандық «Ертіс» болатын.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;