Жәнібек Әлімханұлы – Стивен Батлер жекпе-жегі ресми жарияланды
![Жәнібек Әлімханұлы – Стивен Батлер жекпе-жегі ресми жарияланды](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201736_5cb25d555be8300ab09bf28f44bc8f0f.jpg?t=1680152572?v=28671211)
Top Rank промоутерлік компаниясы Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегін ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жәнібек Әлімханұлы 13 мамырда Калифорния штатының Стоктон қаласында екінші рет чемпиондық атағын қорғайды. Оның қарсыласы 27 жастағы канадалық Стивен Батлер (32-3-1, 26 КО) болмақ.
Бұған дейін WBO Әлімханұлы мен Лиам Смит арасында жекпе-жек белгілеген болатын, бірақ британиялық боксщы осы жазда кіші Крис Юбанкпен реванш өткізуді жоспарлап отыр.
фото: https://www.instagram.com/janibek_alimkhanuly/