русский язык
Басқа

ХОК Ресейге қарсы санкцияларды өз күшінде қалдырды

ХОК Ресейге қарсы санкцияларды өз күшінде қалдырды

Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшысы Томас Бах ұйым рәміздер мен турнирлерге тыйым салуға байланысты Ресейге салынған санкцияларды қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«ХОК Ресейде халықаралық турнирлер өткізбеуді, жарыстарда мемлекеттік туларды ілмеуді, мемлекеттік қызметкерлерді жарыстарға шақырмауды ұсынды. Бұл санкцияларды Олимпиада саммиті растады және олар күшінде қалады», - деді ХОК басшысы Томас Бах ұйымның атқарушы комитетінің отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ХОК ресейліктерді командалық спорт түрлерінен халықаралық жарыстарға жібермеуді ұсынды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;