русский язык
Футзал

«Бұл сынақты қабылдағаныма өкінбеймін». Кака Қазақстан құрамасының Еуропа U-19 чемпионатына іріктеуін қорытындылады

«Бұл сынақты қабылдағаныма өкінбеймін». Кака Қазақстан құрамасының Еуропа U-19 чемпионатына іріктеуін қорытындылады

Қазақстан құрамасының бас бапкері Пауло Рикардо Кака футзалдан 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінің қорытындысы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«22-25 наурыз аралығында футзалдан 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы 2023 жылғы Еуропа U-19 чемпионатының іріктеу турниріне қатысты. Жеңіске үмітіміз бар еді, бірақ жеңіске жете алмадық. Бұл маған үлкен тәжірибе болды, мен бұл сынақты қабылдағаныма өкінбеймін. Топтағы бірінші орынды Словения құрамасы иеленді. Соңғы төрт жылда біз бұл құрамаға қарсы бес рет ойнадық. Бұл елдің жастар құрамасы турнирге дайындықты 2022 жылдың маусымында бастап, 10 айда 15 жолдастық кездесу өткізді. Польша құрамасы кейінгі екі Еуропа чемпионатында дайындықты тоқтатпай екі рет жартылай финалға шықты. Сондықтан нәтиже лайық деп ойлаймын. Осы қысқа уақыт ішінде бізбен бірге болғандардың бәріне: футболшыларға, бапкерлер штабына және ұлттық құрама қызметкерлеріне алғыс айтқым келеді», - деп жазды бапкер Инстаграм парақшасында.

Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеудің негізгі кезеңінде Польша, Молдова және Словения құрамаларымен 1-топта ойнады. Турнир Кишинев маңындағы Чорескуда өтті. Бұл төрттікте қазақстандық жасөспірімдер 3 ұпай алды. Турнирде Кака шәкірттері польшалықтардан (2:3) жеңіліп, кейін Молдова құрамасын (5:2) жеңіп, шешуші кездесуде Словения (0:5) құрамасынан ірі есеппен ұтылған қалған болатын.

Фото instagram.com/kakafutsalcoach

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;