Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің іріктеу кезеңінің финалына шықты
![Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің іріктеу кезеңінің финалына шықты](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/472_fb9f5b741255306c17f0079e8e630ac8.jpg?v=28656423)
Дмитрий Попко Мехикода өтіп жатқан ATP Challenger Tour Mexico City Open турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеудің жартылай финалында қазақстандық теннисші австриялық Джеральд Мельцерді 4:6, 7:5, 6:1 есебімен жеңді.
Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.
Турнирдің негізгі кезеңіне жолдама алу үшін Дмитрий Попко германиялық Доминик Кепфермен күш сынасады.
Фото ktf.kz