русский язык
Басқа

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатында алтын медаль иеленді

Сингапурда өтіп жатқан су добынан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Өзбекстан құрамасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл командалар 24 наурызда осы құрлық біріншілігінде өзара кездесіп, қазақстандықтар 11:9 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы қазақстандық спортшылар 12:6 есебімен басым түсті. Кездесудің үздік ойыншысы Қазақстан құрамасының спортшысы Виктория Христанкова атанды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын жеңіліссіз өткізіп, алты кездесуде де жеңіске жетіп, құрлық біріншілігінде алтын медаль иеленді.

Фото Megan Loh, instagram.com/sg_swimming

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;