русский язык
Басқа

Шахматшы Жансая Әбдімәлік өзін сынаған Бибісараға жауап қатты

Шахматшы Жансая Әбдімәлік өзін сынаған Бибісараға жауап қатты
Бұған дейін блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева шахматшы Жансая Әбдімәлікті сынға алған болатын. Оның айтуынша, Жансая мен тағы 11 шахматшы Нью-Делиде өткен әйелдер турниріне барып тұрып, қатыспай кетіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Онда өте маңызды турнир бар еді. Гран-при. Бәрі де жақсы болатын еді, егер ол кенеттен турнирді тастап кету туралы шешім қабылдамағанда. Оны ұйымдастырушылар лайықты дәрежеде қарсы алмаған көрінеді",- деп жазды алдында Бибісара Асаубаева желідегі парақшасында.

Кейін Жансая Бибісараның сынына жауап берді.

"Бибісара Асаубаеваның бірнеше рет мені тілімен түйреп өтіп, танытқан этикаға жат қылықтарын елемеуге тырысып-ақ едім, алайда оған "жауап" қайыратын сәт келген секілді. Сөзді Асаубаеваның өз жазбасына пайдаланған суреттен бастасам ба деймін. Ол қазіргі жағдайға түк сәйкес келмейді және шахмат әуесқойларын шатастырады (ондағы сурет 2021 жылы Әлем Кубогында түсірілген). Әрі қарай, Үндістандағы Гран-при жағдайының өзіне келсек. Мен және менің әріптестеріме (Асаубаеваның өзін қоса алғанда) ол арадағы жағдай ұнамай, көңілімізге кірбің ұялатты", - деп жазды Жансая Әбдімәлік Instagram-дағы парақшасында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;