русский язык
Басқа

Министр Президенттің қазақстандық гимнастарға құттықтау хатын табыстады

Министр Президенттің қазақстандық гимнастарға құттықтау хатын табыстады

Мәдениет және спорт министрі Президенттің қазақстандық гимнастарға құттықтау хатын табыстады, деп хабарлайды Zakon.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов спорттық және батут гимнастикасынан Әлем кубогының кезеңдерінде алтын медаль жеңіп алған қазақстандық гимнастар: Нариман Құрбанов, Милад Карими, Пирмаммад Әлиев және Данил Мұсабаевпен кездесті.

Іс-шараға жаттықтырушылар, медицина қызметкерлері және Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупова қатысты. Министр оларды соңғы жетістіктерімен құттықтап, алғыс хат табыстап, Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;