русский язык
Бокс

Әбілхан Аманқұлдың келесі қарсыласы анықталды

Әбілхан Аманқұлдың келесі қарсыласы анықталды

Қазақстандық боксшы Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) 15 сәуірде Помонада (Калифорния, АҚШ) шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

BoxRec.com порталының мәліметінше, Аманқұл мексикалық Даниэль Эчеверриамен (21-11, 18 КО) кездеседі. Орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген.

Айта кетейік, Әбілхан былтыр қазанда тағы бір мексикалық Йеассон Пачеконы (6-1, 3 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;