Қазақстан чемпионаты: 35-тур ойындарының тікелей трансляциясы
![Қазақстан чемпионаты: 35-тур ойындарының тікелей трансляциясы](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201736_8ad7a4e765d80d120ca994f07b86fc60.jpg?v=28703554)
25 наурызда Ақтөбе, Астана, Атырау, Орал және Ақтау қаласында футзалдан Қазақстан чемпионатының 35-тур ойындары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесулер бір уақытта – Астана уақытымен 17:00-де басталады.
Назарларыңызға аталған ойындардың тікелей трансляциясын ұсынамыз (Астана уақыты көрсетілген).
«Ақтөбе» – «Аят» (Рудный). Матчтың тікелей трансляциясы FC AKTOBE TV Youtube-арнасында қолжетімді болады.
«Астана» – «Қайрат» АФК (Алматы). Ойынды Astana Fytbol Ligasy Youtube-арнасынан көруге болады.
«Атырау» – «Ордабасы» (Шымкент). Матчты «Атырау» Youtube-арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
«Бәйтерек» (Орал) – «Жетісу» (Талдықорған). Тікелей трансляция «Бәйтерек» Youtube-арнасында қолжетімді болады.
«Каспий» (Ақтау) – «Рахмет» (Ақтөбе). Ойын «Каспий» Youtube-арнасында көрсетіледі.