Семсерлесушілер Әлем Кубогында бақ сынайды
![Семсерлесушілер Әлем Кубогында бақ сынайды](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201131_feb4c9cc487e8925d0b94ccb3920542c.png?v=28703792)
24-26 наурыз аралығында семсерлесу мен қылыштасудан кезекті Әлем Кубогы өтеді.
Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін семсерлесуден байрақты бəсекеге Қазақстан құрамасы сапында Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Дмитрий Алексанин, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай аттанды. Бас бапкердің кеңесшісі – Ференц Тот.
Ал Мажарстан астанасы Будапештегі қылыштасудан Әлем Кубогында ел намысын Артём Саркисян, Назарбай Саттархан, Мұхамедəлі Рахманәлі, Бақдәулет Құрабекұлы қорғайды. Ұлттық құраманың кеңесші бапкері – Олександр Торчук.
Екі Əлем Кубогында 27 елден келген 200-ден астам спортшы жиналады.