русский язык

Матьяж Кек: Ойлағанымыз жүзеге аспады

Словения құрамасының бас бапкері Матьяж Кек өз сұхбатында шәкірттерінің ойынына риза екенін жеткізді.

«Бастысы, үш ұпайға ие болдық. Кездесу оңайға соққан жоқ. Бірінші кезеңде біздің ойынымыз нашар өрбіді. Ойын бәсең жүрді. Ешқандай қауіпті болған жоқ. Біз ойынды жүйелеуге тырыстық. Ойлағанымыз жүзеге аспады.

Бізде қосалқы құрамда мықты футболшылар бар екенін кездесу көрсетті. Негізгі құрам ойыншыларын алмастырған футболшылар бес минут ішінде жасыл алаңда өздерін көрсетті. Бұл - олардың тарапынан жақсы реакция.

Мінез, ынта, сенім ойын барысын өзгертті. Жасанды алаң жағдайы және ұшақпен ұзаққа созылған сапарымызды есептегенде бүгінгі ойынға жоғары баға беремін», - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;