русский язык

Магомед Адиев: Бізде ешқандай уақыт жоқ

Магомед Адиев: Бізде ешқандай уақыт жоқ

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Словениямен болатын ойыны жайлы пікірін білдірді.

«Жартылай қорғаныста қарсыластарға төтеп беруге тырыстық. Бұл жедел шабуылға шығуға мүмкіндік береді. Кей сәттерде ойлағанымыз жүзеге асты.

Бірінші кезеңнің соңына таман қарсыластар тізгінді өз қолында ұстауға тырысты. Екінші кезең басталған сәтте стандарттан өз қақпамызға гол жіберіп алдық. Енді алдағы ойынға дайындық жүргіземіз. Ешқандай демалыс жоқ. Ойыншыларға алдағы ойынға дайындық басталатынын айттым. Бізде ешқандай уақыт жоқ.

Енді алдағы қарсыластың ойынын қарайтын боламыз. Бапкерлер соған байланысты сараптама жасайды. Ертеңге дайындықта алдағы кездесуде негізгі құрамда шығатын ойыншылар анықталады», - деді Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;