ЕУРО-2024: Словенияға қарсы шығатын Қазақстан құрамы
![ЕУРО-2024: Словенияға қарсы шығатын Қазақстан құрамы](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201131_e6ed73371c08ac72bdff6b918f3ba745.jpg?v=28701855)
23 наурызда Қазақстан құрамасының 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы Словенияға қарсы матчқа шығатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қақпашы: Игорь Шацкий
Қорғаушылар: Михаил Габышев, Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров, Ян Вороговский;
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген (с), Аслан Дарабаев, Рамазан Оразов, Максим Самородов;
Шабуылшылар: Абат Айымбетов.
Қазақстан – Словения матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 20:50-де басталады. Ойынды Qazsport телеарнасы көрсетеді.