русский язык
Футбол

Йоан Андоне: «Шабуылда жақсы ойнадық»

Йоан Андоне: «Шабуылда жақсы ойнадық»

«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы ойыннан кейін қос команданың бапкерлері баспасөз-мәслихатын өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ақтөбе» ФК бас бапкері Йоан Андоне:

- Бұл менің бірінші ойыным. Бес күн бұрын команданың тізгінін ұстаған болатынмын. Қорғаныста қателіктер болды, бірақ шабуылда жақсы ойнадық. Келесі айналымға дайындалу үшін екі апта уақыт бар. Ел чемпионатын жеңу үшін бар күшімізді саламыз.

- Қарсылас команда сапында кімнің ойыны ұнады сізге?

- Екі орталық жартылай қорғаушы Диакате мен Эссаменің ойыны ұнады. Техникалық тұрғыда мықты футболшылар. Сондай-ақ, орталық қорғаушы Григорьев. Жасұр Нарзықұлов та жақсы қақпашы, бірнеше керемет сэйв жасады.

 

«Атырау» ФК бас бапкері Владимир Никитенко:

- Бүгін алтынға медальға таласып жатқан командаға қарсы ойнадық. «Ақтөбе» қорғаныста көп ойнады. Пиззели, Хижниченко мен Дяктің жеке шеберлігінің арқасында «Ақтөбе» тоғызыншы минутта гол соқты. Қанша тырысқанымен есепті теңестіре алмадық.

Ең басты мақсатты орындадық. Үздік алтылыққа ендік. Ендігі мақсатымыз – еурокубоктарға жолдама алу. Бүгін өте қызық ойын болды.

Бізге қолдау көрсетіп жүрген жанкүйерлерге көп алғыс айтамын. Жеңіліп жатсақ та бізге қолдау көрсетті. Алдағы ойындарда жеңіске жетіп, жанкүйерлерімізді қуантуға тырысамыз.

 

 

«Атырау» ФК ресми сайтынан*

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;