русский язык
Футбол

Игорь Захаряк: «Ойын өте ауыр болды»

Игорь Захаряк: «Ойын өте ауыр болды»

Қарағандылық «Шахтер» ел чемпионатының 22-ші турында «Таразды» 2:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Матч аяқталысымен қос команданың бапкерлері баспасөз-мәслихатын өткізді.

«Шахтер» ФК бас бапкері Игорь Захаряк:

«Ойын өте ауыр болды. «Тараздың» мықты команда екенін білдік.  Өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асырып, көздеген мақсатымызға жете алдық».

«Тараз» ФК бас бапкері Евгений Яровенко:

«Бүгін нағыз еркектердің айқасы болды, қаншама сары қағаз көрсетілді. Өкінішкей қарай, команданың негізгі мен екінші қақпашысы жарақат алып қалды. Матчтың соңында жүз пайыздық мүмкіндікті шеше алмай, керісінше гол жіберіп алдық. Енді келесі айналымға дайындаламыз. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;