Әлем футболы

«Реал» Кәрім Бенземаның орнына жаңа шабуылшы іздеп жатыр

«Реал» Кәрім Бенземаның орнына жаңа шабуылшы іздеп жатыр
news-banner7
mobile-news-top

«Реал» Кәрім Бенземаның сәтсіз маусымына байланысты жазда форвард сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

As ақпараты бойынша, «Реал» 35 жастағы шабуылшының қазіргі бабына алаңдап отыр. Өткен маусымда ол 43 ойында 34 гол салып, 13 нәтижелі пас берген. Ал осы маусымда 43 ойыннан кейін еншісінде 19 гол мен 5 ассист бар. Оның үстіне, Бензема осы маусымда 8 түрлі жарақат алып, 13 матчқа қатысқан жоқ.

Осыған байланысты «Реал Мадрид» келесі маусымға шабуылшы алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Үміткерлердің бірі - «Ювентус» форварды Душан Влахович.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер