русский язык
Басқа

Брейкингтен әлемдегі ең ірі чемпионат Қазақстанға қайта оралды

Брейкингтен әлемдегі ең ірі чемпионат Қазақстанға қайта оралды

25 наурыз күні, Қазақстанда, Red Bull BC One – брейкингтен жекпе-жек форматында өтетін әлемдегі ең ірі чемпионаттың іріктеу кезеңі басталады. Үш қалалық сайфер мен ұлттық финалдың қорытындысы бойынша, Париждегі әлемдік финалға еліміз атынан қатысатын ең мықты бишілер анықталады.

Red Bull BC One – брейкинг бойынша, «жекпе-жек» форматында өтетін, әлемдегі ең ірі және беделді чемпионат. Жыл сайын, мыңдаған биші әлемдік финалға қатысып, әлем чемпионы атану мүмкіндігіне қол жеткізу үшін, бір-бірімен жарысқа түседі. Биыл ұлттық іріктеу жарыстары әлемнің 28 елінде өткелі жатыр, солардың ішінде Қазақстан да бар. Осы жарыстардың нәтижесі бойынша, ең мықты бишілер (әр елден 1 би-бой және 1 би-гёрл) анықталады. Олар қазан айында, Парижде өтетін әлемдік финалға қатысады және сол жерде «топ 16» шешуші кезеңіне өту үшін, әрі қарай әлем чемпионы атағына ие болу үшін, бір-бірімен күш сынасады.

2022 жылы әлемдік финал хип-хоп мәдениетінің отаны – Нью-Йорк қаласында (АҚШ) өтті. Ол жерде b-girl India (Нидерланды) мен b-boy Victor (АҚШ) жеңімпаз атанды. 2021 жылы чемпион атағын алғаш рет Қазақстанның өкілі иеленді, ол - b-boy Amir (Амир Закиров) еді. Amir биыл өз еліндегі ұлттық іріктеу жарысында төрелік жасайтын, әділ қазылар алқасының құрамына кіріп отыр.

Red Bull BC One Cypher 2023 Kazakhstan-ның аймақтық іріктеу жарыстары 3 қалада: Ақтөбе, Астана және Алматыда өтеді де, 22 сәуір күні, Алматы қаласында, ұлттық финалмен аяқталады. Ал Red Bull BC One-ның тарихындағы жиырмасыншы әлемдік финал биылғы қазан айында, Париж қаласындағы әйгілі «Роллан-Гаррос» стадионында өтеді. Әйгілі стадион теннис кортынан - халықаралық деңгейдегі ірі брейкинг алаңына айналады. Чемпионаттың ресми демеушісі – Visa компаниясы бишілердің арасында жеке байқау өткізгелі жатыр. Оны жеңген адам, Парижде өтетін әлемдік байқауға, көрермен ретінде аттану мүмкіндігіне ие болады. Байқау туралы толығырақ ақпарат, жақын арада, жоба сайтында жарияланады.

Жобаның Қазақстандағы негізгі күндері:

  • 25 наурыз – Ақтөбе қаласында өтетін іріктеу кезеңі
  • 1 Сәуір – Астана қаласында өтетін іріктеу кезеңі
  • 8 Сәуір – Алматы қаласында өтетін іріктеу кезеңі
  • 22 Сәуір – Алматы қаласында өтетін Ұлттық финал
  • 21 Қазан Франция, Парижде өтетін Әлемдік финал.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;