русский язык
Теннис

Рыбакина ресми түрде WTA рейтингінде тарихи орынға көтерілді

Рыбакина ресми түрде WTA рейтингінде тарихи орынға көтерілді

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Индиан-Уэллстегі (АҚШ) WTA 1000 турнирінен соң жекелей және жұптық рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның үздік теннисші Елена Рыбакина үш сатыға көтерілді. Теннис тарихында алғаш рет Қазақстан өкілі 7-орында. Еске салайық, Рыбакина WTA 1000 финалында беларусьтік Арина Соболенконы жеңген болатын.

Қазақстанның тағы бір өкілі Юлия Путинцева 1 сатыға төмендеді, қазір ол 43-орында.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина да екі сатыға төмендеді. Теннисші қазір 27-орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;