русский язык
Футбол

Разван Бурляну: « Әлем чемпионатына қатысу - ұлттық мақтаныш болмақ»

Разван Бурляну: « Әлем чемпионатына қатысу - ұлттық мақтаныш болмақ»

Румыния футбол федерациясының президенті Разван Бурляну жеребенің қорытындысы туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды «PROСПОРТ»

- Біз үшін Ресейде өтетін Әлем чемпионатының іріктеу турнирі маңызды. Өйткені, Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатыспағанымызға 2018 жылы тура 20 жыл толады, - дейді Румыния футбол федерациясының басшысы. – Сол себепті Румыния үшін Әлем чемпионатына қатысу үлкен жетістік, ұлттық мақтаныш болмақ. Әр команданың мүмкіндігіне қарасаңыз, біздің топ өте қиын. Әр матчта құрамамыз тәжірибе жинайды. 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Польша футболшылары Германия құрамасымен бірінші орында келеді. Дания мен Португалия арасын турнир кестесінде небәрі екі ұпай бөліп тұр. Менің пікірім бойынша, Португалия еуропалық футболдың ең мықты күші саналады. Черногория, Армения және Қазақстан құрамалары да жақсы ойнап жүр. Сіздің елдің құрамасымен бір топқа түскенімізге қуаныштымыз. Өйткені, екі ел арасында өзара қарым-қатынас жақсы қалыптасқан. Қарым-қатынасты футбол арқылы да нығайта түсуге болады.
 
- Румыния құрамасының соңғы жылдардағы жетістігін қалай түсіндіре аласыз?
 
- Бұл оңай жұмыс болған жоқ. Төрт ай бұрын даму жолының стратегиялық жоспарын әзірлеу қажет деп шештік. Біздің елде алғаш рет футбол федерациясы 2015-2020 жылдарға арналған даму страгегиясын құрды. Өйткені, Румынияның 2020 жылы Еуропа чемпионатының бірнеше матчын қабылдау мүмкіндігі болады. Қазіргі уақытта біздің құраманың бас бапкері мен техникалық қызметкерлері үздік саналады. Сонымен қатар, ұлттық құраманың намысын қорғайтын жақсы футболшылардың уақыты келді. Осының арқасында ФИФА рейтингінде 42-ші орыннан 8-ші орынға көтерілдік. Әрі қарай да дами түсеміз деп үміттенеміз.
Еске сала кетейік, 2018 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Румыния, Польша, Дания, Черногория және Армения құрамаларымен бір топқа түсті. 
 
Дереккөз: ҚФФ ресми сайты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;