русский язык
Басқа

Рита Бакишева мен Руслан Жапаров Бельгиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Рита Бакишева мен Руслан Жапаров Бельгиядағы турнирдің жеңімпазы атанды

Бельгияның Ломмел қаласында таеквондодан Belgian Open G2 халықаралық турнирі аяқталды.

Бұл бәсекеде Ұлттық құрама 2 алтын, 3 қола медаль жеңіп алды. Отандастарымыздан Рита Бакишева (46 кг) мен Руслан Жапаров (+87 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірмеді. Ал Нұрбек Газез (63 кг), Мақсат Орынбасар (68 кг), Айдана Құмартаева (46 кг) үздік үштікті түйіндеді.

Енді Қазақстан ерлер құрамасы Париж қаласында Франция құрамасымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал әйелдер құрамасының 8 өкілі 20-27 наурыз аралығында Нюрнберг қаласына Германия құрамасымен бірге шеберлігін шыңдайды. Бұл жиыннан кейін Қазақстан құрамасы 1-4 сәуір аралығында Аустрияның Инсбург қаласы қабылдайтын халықаралық турнирде бақ сынамақ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;