русский язык
Бокс

Қазақстандық бокс жұлдызы 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңді

Қазақстандық бокс жұлдызы 2023 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді жеңді

Бүгін Нью-Делиде (Үндістан) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының үшінші жарыс күні өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Күндізгі сессияда 48 келіге дейінгі салмақта Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Алуа Балқыбекова қолғап түйістірді. 1/16 финал кезеңінде қазақстандық боксшы Сингапур өкілі Кей Ван Чи Ваймен күш сынасты.

Төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңісті қазақстандық бокстың жұлдызы (5:0) алды.

Еске салайық, Алуа Балқыбекова 2022 жылы Азия чемпионы атанған болатын.

Фото: olympic.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;