русский язык
Бокс

Әлем чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

Әлем чемпионаты: Үшінші жарыс күнінің тікелей трансляциясы

18 наурызда Нью-Делиде бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 1/16 финал жекпе-жектері өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Астана уақытымен 14:30-да басталатын күндізгі сессияда қазақстандық Алуа Балқыбекова (48 келіге дейін) Сингапур өкілі Кей Ванн Чи Ванмен кездеседі. Бұл жекпе-жек А рингіндегі алғашқы жекпе-жек болады.

Елорда уақытымен 18:30-да басталатын кешкі сессияда тағы екі боксшымыз рингке шығады. Екеуі де Оңтүстік Корея өкілімен кездеседі. Жайна Шекербекова (54 келіге дейін) В рингіндегі сегізінші жұпта Им Э Чжимен жұдырықтаса, оныншы жұпта Надежда Рябец (66 келіге дейін) Сен Су Чжинмен кездеседі.

Аталған кездесулерді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;