русский язык
Футбол

«Жетісу» «Қайсардан» басым түсті

«Жетісу» «Қайсардан» басым түсті
Алғашқы алтылықтан үміті жоқ қос команда талдықорғандық «Жетісу» мен қызылордалық «Қайсар» үш ұпай үшін таласқа түсті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Бас бапкер Дмитрий Огай өз орнынан кеткеннен кейінгі алғашқы ойынын өткізді қызылордалық ұжым. Есепті «Жетісу» ойыншысы Руслан Галиакберов ашты. Ресейлік «Рубиннен» жалға келген футболшы Прядкинмен жеке дара шығып, мүмкіндігін пайдалана алды. Алайда 10 минут өткесін Антон Матвеенко қорғаушыларды қапы қалдырып барып, қақпа маңында тұрған Кирил Шестаковқа пас асырып берді. Ал Кирил дер кезінде допты қақпаға бағыттай білді.  Алаң иелері екінші таймда қайта есепте алға шықты. Галиакберов Марат Шахметовтен пас алып, қақпаға жойқын соққы дарытып еді, Прядкиннің допты қайтаруға еш мүмкіндігі болмады. Осылайша жас шабуылшы дубль авторы атанды. 
 
Қазақстан чемпионаты, 22-ші тур.
«Жетісу» - «Қайсар» 2:1 (1:1)
Голдар:  Галиакберов 12, 58 – Шестаков 21
«Жетісу»: Пасеченко, Әділханов, Горячий, Сағындыков, Эргашев (Сапиянов 90+3), Азовский (Давлатов 73), Петролай (Шахметов 33), Самигуллин, Галиакберов, Савич, Тұрысбек.   
«Қайсар»: Прядкин, Балтаев, Кейлер,  Кляйн (Розыбакиев 68), Нұрдәулетов, Калинин (Алтынбеков 64), Матвеенко, Митошевич, Шестаков, Каранейчев (Струков 55), Молдақараев.  
Төрешілер: Тимур Кумашев, Дмитрий Будниченко, Илашбек Орунбаев.
Ескертулер: Пасеченко 90+4 - Каранейчев 26 
26 шілде 2015 жыл, Талдықорған, «Жетісу» стадионы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;