Әліптің командасы Ресей кубогында «Динамодан» жеңілді
![Әліптің командасы Ресей кубогында «Динамодан» жеңілді](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201736_c71fdb583ffba0692af5c8a1ac1c1623.jpg?v=28701352)
«Зенит» Ресей кубогы 1/4 финалының екінші кезеңінде мәскеулік «Динамомен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. Ал матч соңындағы пенальти сериясында мәскеулік команда жеңіске жетті – 5:4.
«Зенитте» өнер көрсететін Қазақстан құрамасының ойыншысы Нұралы Әліп бұл кездесуде қосалқы құрамда қалды.