русский язык
Басқа

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болды

Динара Сәдуақасова Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болды. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

"Астана шахмат федерациясының құрметті президенті болғанымды қуана хабарлаймын. Бір ай бұрын қалалық федерацияда түбегейлі өзгерістер болды, оның басшысы болып шахматты жақсы көретін Абзал Сағымбаев тағайындалды.

Ол менің кандидатурамды ұсынып, дауыс бергеннен кейін мені бірауыздан жауапты қызметке сайлады. Осы қызметте мен шахматты кеңінен насихаттап, дамытуды жалғастырамын. ФИДЕ спорт комиссиясындағы тәжірибесі бар, ЮНИСЕФ-тің ізгі елшісі ретінде мен зияткерлік қоғамды дамытуға өз білімім мен күш-жігерімді жұмсап, одан да көп пайда әкелемін деген сенімдемін.

Шахмат қауымына сенімдері үшін алғыс айтамын және Абзал Екрамбекұлымен бірге астаналық шахмат бұдан да белсенді болып, нығая түсетініне сенемін. Алда көптеген мақсат тұр. Сәттілік тілеп қойыңыздар", – деп жазды Динара Сәдуақасова.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;