русский язык
Басқа

Қазақстанның үздік шахматшылары марапатталды

Қазақстанның үздік шахматшылары марапатталды

Танымал қазақстандық шахматшылар «KazChess Award» арнайы сыйлығымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоғыз номинация бойынша арнайы сыйлықтарды Қазақстан шахмат федерациясының президенті, Freedom Holding Corp бас атқарушы директоры Тимур Турлов еліміздің шахмат қауымдастығының үздік өкілдеріне табыс етті. Бұл Қазақстан шахмат федерациясы бекіткен алғашқы жыл сайынғы марапат.

«Өткен маусым бойы біздің спортшылар жарыстарда тамаша нәтиже көрсетті. Әр жеңістің артында ата-аналар, жаттықтырушылар штабы және әрине, спортшылардың өздері жасаған ауқымды жұмыс тұр. Сондықтан біз бұл марапатты шахмат қауымдастығының үздік өкілдерінің еңбегін мойындау үшін бастама етіп көтердік. Бізде өз жетістіктерімен Қазақстанды әлемдік аренада танытатын, бірақ одан да маңыздысы – өскелең ұрпақ шахматпен айналысуға және одан да зор жеңістерге жетуге ынталандыруға жарқын үлгі болатын мықты спортшылар бар. Бұл жүлде – еліміздегі шахматты дамыту мен қолдау жөніндегі үлкен және кешенді жұмыстың бір бөлігі, соның арқасында біз көрнекті спортшылардың бірнеше буынын өсіре аламыз», - деді Тимур Турлов.

photo

Осылайша, 2022 жылдың қорытындысы бойынша мына спортшылар «KazChess Awards» лауреаты атанды:

- «Әйелдер арасындағы жыл спортшысы»- Бибісара Асаубаева, әйелдер арасындағы жылдам шахматтан екі дүркін әлем чемпионы;

– «Ерлер арасындағы жыл спортшысы» - Ринат Жұмабаев, блиц бойынша ерлер арасындағы Азия чемпионы;

- «Жыл көшбасшысы» - Жансая Әбдімәлік, 44-ші Халықаралық шахмат олимпиадасының қола жүлдегері;

– «Жыл серпілісі» - Динара Сәдуақасова, әйелдер арасындағы жылдам шахматтан әлем вице-чемпионы;

– «Жыл жаңалығы» - Нөгербек Қазыбек, 18 жасқа дейінгі жылдам шахматтан әлем чемпионы;

– «Жыл үміті» - Зарина Нұрғалиева, 14 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы;

– «Жыл ұйымдастырушысы» - Саят Егембердиев, Алматы және Жетісу облыстарының шахмат және үстел ойындары федерациясының президенті;

- «Жыл бапкері» - Ержан Шәкенов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы және әлем, Азия және ҚР чемпионаттарының чемпиондары мен жүлдегерлерінің тәлімгері;

- «Жыл судьясы» - Олег Ринас, халықаралық деңгейдегі судья.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;