русский язык
Басқа

Қазақстандық гимнаст Бакудегі әлем кубогында чемпион атанды

Қазақстандық гимнаст Бакудегі әлем кубогында чемпион атанды

Спорттық гимнастикадан Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық Милад Карими алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Карими еркін жаттығудан 14.200 ұпай жинап, жеңіске жетті. Күміс медальді украиналық Илья Ковтун (13.933), қоланы америкалық Рилли Лус (13.733) иеленді.

Бұл Милад Каримидің биылғы маусымда жеңіп алған алғашқы жүлдесі.

Бұған дейін Нариман Курбанов Германияда өткен әдем кубогі кезеңінде медаль алған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;