русский язык
Футбол

«Қызылжар» мен «Ертіс» ойыншыларының алдында қарыздарын өтеуге міндеттелді

«Қызылжар» мен «Ертіс» ойыншыларының алдында қарыздарын өтеуге міндеттелді
21 шілде күні өткен Дау-дамайды шешу палатасының отырысында «Қызылжар» мен «Ертіс» командаларының иәселелері қаралды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
№1 шешім
 
2015 жылдың 15 сәуірінде қабылданған шешімге сәйкес «Қызылжар» футбол клубына ойыншы С.Б.Шуляктің алдында қарызын жабу мерзімін 2015 жылдың 21 тамызына дейін ұзарту.
 
№2 шешім
 
Ойыншы Игорь Чучманның «Ертіс» футбол клубына қойған талабын жартылай қанағаттандыру (2013 жылғы маусымда пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысының бөлігін талап етуі).  «Ертіс» футбол клубы 2015 жылдың 21 тамызына дейін Игорь Чучманға 2014 жылғы қараша айының еңбекақысы мен 2014 жылғы пайдаланылмаған еңбек демалысын өтеуі тиіс. Сонымен қатар, И.Чучманның «Ертіс» футбол клубында жұмыс істеген уақыттағы барлық зейнетақы салымдары төленуі керек.
 
№3 шешім
 
Игорь Ваулиннің «Ертіс» футбол клубына қойған талаптарын жартылай қанағаттандыру.  «Ертіс» футбол клубы  2015 жылдың 21 тамызына дейін И.И.Ваулиннің алдында еңбек келісімшартын мерзімінен бұрын бұзғаны үшін өтемақы төлеуі тиіс. Сонымен қатар, И.И. Ваулиннің жұмыс істеген уақытындағы барлық зейнетақы салымдарын өтеу қажет.
 
№4 шешім
 
Вячеслав Котлярдың  «Ертіс» футбол клубына қойған талаптарын қанағаттандыру. «Ертіс» футбол клубы  2015 жылдың 21 тамызына дейін В.В.Котлярдың 2013 және 2014 жылдары пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақысын Еңбек келісімшартына байланысты төлеуі тиіс.
 
№5 шешім
 
Владимир Линчевскийдің  «Қызылжар» футбол клубына қойған талабын жартылай қанағаттандыру.  «Қызылжар» футбол клубы 2015 жылдың 21 тамызына дейін В.В.Линчевский алдында Еңбек келісімшартына сәйкес жалақысы бойынша қарыздарын толық өтеуі тиіс. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;