русский язык

«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы «Ақсуға»қарсы ойын туралы пікір білдірді

«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы «Ақсуға»қарсы ойын туралы пікір білдірді

«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Дмитрий Сергеев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан чемпионатының 2-турындағы «Ақсуға» (3:1) қарсы ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

– Жеңіс құтты болсын! Ойын туралы не айтасың?

– Көп рақмет! Қызықты ойын болды. Үш ұпай алғанымыз жақсы – бұл ең маңыздысы. Біз керемет голдар соқтық. Жанкүйерлерге ойын ұнады деп ойлаймын. Барлығымыз оң нәтижеге жеткенімізге ризамыз.

– Бапкер алаңға шықпас бұрын саған не деді?

– Бұл кездесудің соңы еді. Бізге ең алдымен артта сенімді ойнап, сонымен қатар белсенді ойын көрсетіп, қозғалу керек екені анық. Қысым жасап, тырысу керек болды.

– Алаңға шыққаннан кейін бірден нәтижелік пас бердің.

– Әрине, командаға көмектескім келді. Көптен бері ресми матчтарда ойнаған жоқпын. «Қайрат» сапындағы дебютім болғандықтан, алаңға оқталып шықтым. Гол соққан соң қолдағаны үшін командама рақметімді айтамын. Жоаоның аяғына сәтті қонып, гол соққанына қуанамын.

– Сені команда қалай қарсы алды?

– Барлығы керемет. Жігіттердің бәрі өте мейірімді. Команданың көздерінде от болса, оларға сіңісіп кету де оңай болады. Барлығының ойында тек - жеңіс. Міндеттер барлығына бірдей. Осы маусымда бірге жақсы нәтиже көрсеткіміз келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;