русский язык
Футбол

Видаль «Баварияға» ауысты

Видаль «Баварияға» ауысты

Мюнхендік клубтың ресми сайты жақын арада командаға Артуро Видальдің қосылатынын мәлім етті, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Ювентус» футбол клубы және ойыншының өзімен келісімге келдік. Артуро дәрігерлік тексерістен өткен соң келісімшартқа қол қояды», - деді «Бавария» басқармасының төрағасы Карл-Хайнц Румменигге.

Естеріңізге сала кетсек, чилилік ойыншы жақында ғана Америка кубогын жеңіп алған еді. Сондай-ақ, ол «Ювентустің» сапында Италия кубогы мен чемпионатын ұтқан болатын. Трансфердің құны шамамен 28 миллион еуроны құрайды.   

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;