русский язык

Қазақстандық 18 жастағы қақпашы «Краснодарға» аттанды

Қазақстандық 18 жастағы қақпашы «Краснодарға» аттанды

Қызылордалық «Қайсардың» қазақстандық қақпашысы Әбілқайыр Әлиакбар ресейлік «Краснодар» клубында оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қақпашымыз Әбілқайыр Әлиакбарға Ресей премьер-лигасында өнер көрсететін “Краснодар” командасы көз тігіп, оқу-жаттығу жиынына шақырды. Енді 18 жастағы Әбілқайыр сәуір айына дейін ресейлік ұжымға өз мықтылығын дәлелдеуге тырысады.

Айта кетейік Әбілқайыр халықаралық “Даму” кубогында ең үздік қақпашы атанған еді.

Сәттілік серігің болсын, кипер! - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;