Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне іріктеу аясында матч өткізуге Словенияға келді

Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының негізгі кезеңіне іріктеу аясында матч өткізуге Словенияға келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Дуглас Джуниор Instagram желісіндегі парақшасында айтты.
Словения – Қазақстан матчы 8 наурызда Мариборда өтеді.
Қазақстан құрамасының еншісінде 9 ұпай, словениялықтарда 6 ұпай бар.

Фото kff.kz