русский язык
ММА

OCTAGON 42 турнирінің тікелей трансляциясы

OCTAGON 42 турнирінің тікелей трансляциясы

Бүгін, 4 наурызда Ташкентте Еуразиялық промоушеннің OCTAGON 42 турнирі өтеді, деп жазады Prosports.kz

Кеш аясында Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзербайжан файтерлері қатысқан 16 қызықты жекпе-жек өтеді.

Жекпе-жек кешінің басты кездесуінде жеңіл салмақта Достон Бозоров (7-1) пен Жансерік Жақсығұлов (3-2) «уақытша» чемпион белбеуін сарапқа салады.

Негізгі жекпе-жекте жартылай жеңіл салмақтағы вакантты титулға қырғызстандық Арген Абдыкадыров (7-0) пен өзбекстандық Мухаммаджон Курбанов (9-4) таласады.

68 келіге дейінгі аралық салмақта «Камиль каратэ» атымен танымал тәжікстандық Камариддин Хасанов (4-1) пен жергілікті файтер Одилхон Камолов (2-1) кездеседі.

Кештің толық файткардын бұған дейін жариялаған едік.

OCTAGON 42 турнирінің тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Оны промоушенінің OCTAGONTV YouTube-арнасынан көруге болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;