русский язык
Футбол

«Алашкерт» - «Қайрат» 2:1 (2:4). «Қайрат» тарих беттерін жаңартуда

«Алашкерт» - «Қайрат» 2:1 (2:4). «Қайрат» тарих беттерін жаңартуда
Алматылық «Қайрат» армениялық «Алашкерт» командасын екі ойын қорытындысы бойынша 4:2 есебімен жеңіп, тарихи - Еуропа Лигасының үшінші кезеңі жолдамасына ие болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».
 
Ойынды алаң иелері қарқынды бастады. Алғашқы ойында ірі жеңіліс болмағандай «Алашкерт» ойыншылары жылдам гол соғуға асықты. Дегенмен аса бір қауіпті сәт бола қойған жоқ. Бірте-бірте ойын басымдығын өз қолдарына алған Владимир Вайсс шәкірттері шабуылын үдете түсті. Кезекті бір ұмтылыста Сито Риера армениялық қақпашымен жеке шыққанымен, мүмкіндігін пайдалана алған жоқ. Бірер минут өтісімен оң қапталда қорғаушылардан сытылып өткен Исаэл командаластарына пас асырды, алайда допқа жақын болған Гоу да, Қуат та үлгере алмады. Алғашқы таймның орта беліне келгенде Аракелян айып добын керемет орындап, есепті ашты. Соғылған голдан кейін ойын біразға дейін бәсеңдеп қалды. Тек бірінші таймның соңына таман «Қайрат» ойыншылары таразы басын теңестірді. Жерар Гоу қорғаушылардан сытылып өтіп, гол соқты. 
 
 
Екінші тайм басталысымен «Қайрат» ойыншылары допқа көп иелік етіп, алаң иелеріне шабуыл жасауға мүмкіндік бермеді. Жерар Гоудың 56-шы минутта есепті еселейтін сәті болды, алайда Каспаров өз орнында. Бірер минуттан кейін қарымта шабуылға шыққан «Алашкерт» ойыншыларының ұмтылысы нәтижесіз аяқталды. Гезалянның соққысын Плотников оңай олжаға айналдырды. 73-ші минутта «Қайрат» ойыншысы Исаэлдің айып алаңының сыртынан бағыттаған жойқын соққысы қақпа маңдайшасына сәл ғана биік кетті. Алаңға тыңнан қосылған Джордже Деспотович қақпа маңында тұрған Гоуға пас асырды, алайда Жерардың баспен ұрған добы қиыс ұшты. Негізгі уақыт аяқталуына 5 минут қалғанда Гоудың гол соғатын мүмкіндігі болды. Исаэлдің айып добынан кейін баспен соққы жасағанымен, Каспаров өз орнынан табыла білді. Соңғы минуттарда Деспотовичтің қақпа маңында жасаған соққысы сәл қиыс кетті, әйтпегенде алматылықтар жеңісті жұлып алар еді. Алайда, уақыт бітуге санаули секундттар қалғанда «Қайрат»  қорғанысы сыр беріп, Плотников өрескел қателік жіберді. Осы тұста болған Сантос командасына жеңісті алып берді.
 
 
Осылайша, Владимир Вайсс баптғае алматылық «Қайрат» тарихында тұңғыш рет Еуродаданың үшінші кезеңіне жолдама алды.
 
Еуропа Лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. Қарымта кездесу. Бірінші ойын 0:3.
«Алашкерт» - «Қайрат» 2:1 (1:1)
Голдар: Аракелян 28, Сантос 90+4 – Гоу 45
«Алашкерт»: Каспаров, Аракелян, Минасян, Усеня, Фофана, Барегамян, Веранян (Погосян 58), Григорян, Мурадян (Овсепян 78), Гезалян (Манасян 58), Дос Сантос.         
«Қайрат»: Плотников, Соарес, Куантаев, Маркович (Гурман 85), Исаэл, Исламхан, Куат (Конысбаев 67), Лунин, Риера (Деспотович 72), Тимощук, Гоу.         
Төрешілер: Жоау Капела, Нуну Перейра, Ресенде Тейшера
23 шілде 2015 жыл, Армения, Ереван, Вазген Саргсян атындағы стадион.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;