русский язык
Теннис

Анна Данилина Астанадағы турнирдің финалына шықты

Анна Данилина Астанадағы турнирдің финалына шықты

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина белоруссиялық Ирина Шимановичпен бірге жартылай финалда нидерландылықтар Ясмин Гимбрере - Бибиана Схоофспен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-белоруссиялық жұп үш сетке созылған тартысты матчта 4:6, 6:1, 10:5 есебімен жеңіске жетті.

photo

Анна мен Ирина финалда доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар Хан Лэ Хань - Су Джон Чанмен бас жүлдені сарапқа салады.

Анна Данилина ойыннан кейінгі сұхбатында ертеңгі кездесуде биылғы жылдағы алғашқы титулға қол жеткізу үшін бар шеберліктерін салатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Астанадағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;