русский язык
Теннис

Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирде «алтын» алды

Алан Құрманғалиев Португалиядағы турнирде «алтын» алды

Қарағандылық, 16 жасар Алан Құрманғалиев Португалияның Вила-Реал қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім еткеніндей, 17 жасқа дейінгілер арасында Алан қарсыластарының бәрін ұтты.

Атап айтқанда, испаниялық Франческа Каррераны, колумбиялық Хуан Рамиресті, франциялық Ной Вительді, Пуэрто-Рико өкілі Энрике Риосты, чехиялық Мартин Сипті жеңді. Сондай-ақ тағы бір испаниялық Даниэль Берзосадан, румыниялық Драгош Бужорадан айласын асырды.

Осылайша, Алан Құрманғалиев тағы бір ірі жарыста көзге түсіп, алтын медальді жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;