русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшылардың WBA рейтингіндегі орны белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың WBA рейтингіндегі орны белгілі болды

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингісін жаңартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық боксшылардың рейтигтегі орны мынадай:

Аса ауыр салмақта қазақстандық боксшы Иван Дычко 15-орында тұр. Бұл салмақта WBA титулының иегері Александр Усик.

Бірінші ауыр салмақта төртінші орында тұрған Қамшыбек қоңқабаев рейтингтен шығып қалды, Серік Мұсәділов 15-орынға тұрақтады. Бұл салмақта чемпион - франциялық Арсен Гуламирян.

Супер орта салмақта жерлесіміз Бек Нұрмағанбет тоғызыншы орыннан сегізінші орынға көтерілді. Бұл салмақтағы супер чемпион - мексикалық Сауль Альварес.

Орта салмақтағы чемпион Геннадий Головкин. Уақытша чемпион атағы кубалық Эрисланди Лараға тиесілі.

Екінші жартылай жеңіл салмақта Сұлтан Зәуірбек пен Бекман Сойлыбаев сәйкесінше 12 және 13-орындарды сақтап қалды. Бұл салмақта «Супер чемпион» жоқ.

Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта бір саты төмендеп, алтыншы орынға жайғасты. Бұл салмақта чемпионы - өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;