русский язык

Донецкілік «Шахтер» «Атыраудың» жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырғанын ресми жариялады

Донецкілік «Шахтер» «Атыраудың» жартылай қорғаушысымен келісімшартқа отырғанын ресми жариялады

Тәжікстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Хусрав Тоиров Қазақстанның «Атырау» командасынан Донецктің «Шахтеріне» ауысып, 2028 жылға дейін келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тоиров 15 жасында өзінің туған клубы «Локомотив-Памир» сапында дебют жасады. 2022 жылдың тамыз айында ол Қазақстан Премьер-Лигасының «Атырау» клубына ауысып, 11 матчқа қатысып, 2 нәтижелі пас берді.

Бұған дейін «Атырау» бұл трансферден 150 мың еуродан астам табыс табатыны және ойыншыны одан әрі қайта сатудан да пайыз алатыны хабарланған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;