русский язык
Теннис

Гөзал Айнитдинова Астанадағы жарыстың екінші айналымына өтті

Гөзал Айнитдинова Астанадағы жарыстың екінші айналымына өтті

Қазақстандық Гөзал Айнитдинова Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік рейтингте 505-орында тұрған Айнитдинова бастапқы кездесуін әлемнің 193-ракеткасы, ресейлік Анастасия Захаровамен өткізді.

Қазақстандық теннисші қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен ұтты.

Тағы бір қазақстандық Анна Данилина жекелей сында македониялық Лина Джерческаға (223 WTA) 1:6, 4:6 есебімен жол берсе, Жібек Құламбаева хорватиялық Тена Лукастан ұтылып қалды – 2:6, 6:7 (3:7). Аружан Сағындықова әлемнің 167-ракеткасы, ресейлік Полина Кудерметовамен кездесуде бірінші сетте 3:1 есебімен алға шыққанымен, сол қарқынын жалғастыра алмады – 4:6, 1:6.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;