Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының ақпандағы үздік ойыншысы атанды
![Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының ақпандағы үздік ойыншысы атанды](https://prosports.kz/upload/news/content//202303/201736_61e639040a6a74a4120069bf7fdda9b1.jpg?v=28702354)
«Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Сауд Арабиясы чемпионатының ақпан айындағы үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
38 жастағы португалиялық футболшы ақпан айында төрт матчқа қатысып 8 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Роналду маусымды «Манчестер Юнайтед» сапында бастаған, Англия Премьер-лигасында 10 кездесуге қатысып, 1 гол соқты.