русский язык
Басқа

Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды

Қазақстандық спортшы Әбу-Бәкір Жәнібек джиу-джитсудан Азия чемпионы атанды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметінен мәлім болды.

Бангкокта (Тайланд) 25 ақпан күні джиу-джитсудан ерлер мен әйелдер арасындағы VII Азия чемпионаты басталды.

Маңғыстаулық Әбу-Бәкір Жәнібек 62 келі салмақ бойынша Азия чемпионы атанды. Спортшы Въетнам, Тайланд, Ирак мемлекетінің спортшыларынан басым түсті.

Сонымен қатар, 57 келіде маңғыстаулық Арай Ұзақбай жарыстың қола жүлдегері атанды

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;