русский язык
ММА

Қазақстандық файтер Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесіне арнайы барып зиярат етті

Қазақстандық файтер Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесіне арнайы барып зиярат етті

Қазақстанның танымал спортшысы, үш дүркін КИнЭС рекордшысы, файтер Алмат Жұманов Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлының кесенесіне арнайы барып зиярат етті.

Алмат Жұманов 1996 жылдың 26 тамызында Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, лақап аты – qazaq titan, спорттағы пірі – Қажымұқан Мұңайтпасұлы.
Ол Алматы қаласында орта білім алып, 9 жасында спортпен айналыса бастаған. Алмат бала күнінен жеңіл көлік сүйреп, қатарластарынан алып күшімен ерекшеленген.

Кейін ауыр көліктерге көшіп, адам лық толы микроавтобустарды сүйрей бастайды. Қазіргі уақытта, Алмат Қазақстанның КИнЭС рекордтар кітабына 3 мәрте енген.

1) 109 тонналық пойыз вагонын 8,5 метрге сүйреген;
2) 300 килограмдық нар түйе көтеріп, бір уақытта 4,68 тонна болатын 3 көлікті 13 метрге тартқан;
3) 24,5 тонналық АН-72 әскери ұшағын 1 метрге жылжытқан.

2022 жылдың 31 шілдесінде Алмат Жұманов кәсіпқой бокстағы дебюттік кездесуін өткізді. Қарсыласы – ирандық Саджад Гариби. БАӘ-де (Дубай) өткен бұл кездесуде Qazaq titan қарсыласын 1-раунда техникалық нокаутпен жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;