русский язык
Бокс

«Канело» қазақ боксшыларымен жаттығып жүр

«Канело» қазақ боксшыларымен жаттығып жүр

Супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (58-2-2, 39 КО) қазақстандық боксшылармен тәжірибесімен бөлісті.

"Канело" Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) мен Бек Нұрмағанбетпен (8-0, 6 КО) оқу-жаттығу өткізіп, спортшыларымызға тапсырма беріп, мысалмен түсіндірді.

Сонымен қатар ол барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем жолдады.

"Барша қазақстандық жанкүйерлерге сәлем. Құшақтадым. Досың Канелодан",- деді ол.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйек айында Сауль Альварес қазақстандық ардагер Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) ұтқан болатын.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;