русский язык

«Қайраттың» жаңа ойыншысы Офри Арад алғашқы жаттығуын өткізді

«Қайраттың» жаңа ойыншысы Офри Арад алғашқы жаттығуын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсететін Израиль құрамасының қорғаушысы Офри Арад алғашқы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Офри Арад – Израильдің 2 дүркін чемпионы, ел Кубогы мен Суперкубогының иегері. Футболшының еурокубокта тәжірибесі мол. 2021/22 маусымында Арад УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінде нидерландылық «Фейеноорд», германиялық «Унионға» және чехиялық «Славияға» қарсы ойындарға қатысты. Былтыр күзде ол УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «ПСЖ« мен «Бенфикаға« қарсы матчтарда алаңға шықты.

2020 жылы Офри Израиль құрамасы сапында дебютін өткізді және бүгінгі дейін құрамада 8 матч өткізді.

Фото: fckairat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;