русский язык
Теннис

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жалғастырудан бас тартты. Оның себебі белгілі болды

Елена Рыбакина Дубайдағы турнирді жалғастырудан бас тартты. Оның себебі белгілі болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бүгін Дубайда WTA 1000 сериясындағы турнирдің үшінші айналымы аясында әлемнің алтыншы ракеткасы америкалық Кори Гауффпен кездесуі керек еді. Рыбакина турнирді жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

WTA баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Рыбакина арқасын жарақаттап алуына байланысты бүгін кордқа шыға алмады.

Осылайша, Кори Гауфф матч өткізбей-ақ турнирдің ширек финалына шықты.

Фото: championat.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;